Ресей жалға алып отырған полигондарды қайтарып, төлемді 1 млн. 373 мың долларға қысқартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Ресей жалға алып отырған полигондарды қайтарып, төлемді 1 млн. 373 мың долларға қысқартады

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың Ресейден жалпы алаңы 580 мың 210 гектар жер учаскелері жалға алудан қайтарылуына байланысты жалдау сомасы қайта қаралады. Хаттама осы мәселелерді реттейді. «Атап айтқанда, полигон учаскелері жалға берілуден шығарылуына байланысты 2016 жылдан бастап Ресей 3 млн 81 мың долларды сәйкесінше, 1 миллион 373 мың долларға қысқартады. Жалдаудан шығарылатын жер учаскелерінде пайдалы қазбалар өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады. Шаруашылық субъектілер қызметінен республикалық бюджетке жалдау ақысын өтелетіні күтіледі», деді О. Сапаров.
Оның айтуынша, құжатты қабылдау теріс әлеуметтік экономикалық салдарға соқтырмайды. Өйткені, жалға беруден қайтарылған жер учаскелерінде өндірістік, пайдалы қазбаларды өңдеу жобалары жүзеге асырылады. Осылайша, жалдау қаражаты қысқартылғаным ен, оның орны полигондарды ел игілігіне пайдалану арқылы толығатын болады. «Ресей жалдап отырған полигон учаскелерін қайтаруға депутаттық корпус аса белсенді араласып, көпжылдық келіссөздер нәтижесі болып табылады», деді О. Сапаров.