Ресей жаңа әлемдік валюта мәселесі бойынша конференция ұйымдастырмақ
МӘСКЕУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Ресей жаңа әлемдік валюта жасау туралы мәселені талқылау үшін үкіметтердің уәкілетті өкілдері мен сарапшылар деңгейінде халықаралық конференция ұйымдастыруды ұсынып отыр.
Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Денисов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Дегенмен, жаңа валютаны жасау мәселесі алыс болашақтың үлесі екенін атап көрсеткен А.Денисов, форумның өткізілетін уақыты мен орны әзірге талқыланбағанын айтты. Халықаралық валюта қорының басшысы Домники Стросс-Кан соңғы жасаған мәлімдемелерінің бірінде, әлемдік резервтік валюта туралы әңгіменің әділ екенін және оның жүзеге асырылуға құқығы бар екенін айтқан болатын. «Бірақ мұндай жарыссөз көптеген айларға созылады», дейді ол.