Ресей жаңа тұмауға қарсы өз вакцинасын шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей А/H1N1 California тұмауына қарсы өз вакцинасын шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бұл туралы Санкт-Петерборда «Роспотребнадзор» федералды қызметінің басшысы Геннадий Онищенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, қазір Ресейдің бес институты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алған H1N1 California вирусының штаммын зерттеп жатыр. Г.Онищенко, осы зерттеу жұмыстарының негізінде отандық вакцина өндірісі үшін вакциналық штамм жасалу мүмкіндігін жоққа шығармайды.