Ресейде 1 ақпаннан бастап мұнайға баж салығы тоннасына 317,5 доллардан 346,6 долларға дейін өседі

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - РФ Премьер-Министрі Владимир Путин 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап шикі мұнайға экспорттық кедендік баж салығының мөлшерін тоннасына 317,5 доллардан 346,6 долларға дейін өсіруді қарастыратын қаулыға қол қойды.

Ресейде 1 ақпаннан бастап мұнайға баж салығы тоннасына 317,5 доллардан 346,6 долларға дейін өседі

Құжат мәтіні бүгін "Российская газетаға" жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Шығыс Сiбiрдің 22 кен орнында, Солтүстiк Каспийдің 2 кен орнында мұнайға баж салығы 1 ақпаннан бастап тоннасына 137,6 долларға дейін көтеріледі, бұл 2011 жылдың қаңтар айында 117,5 доллар көлемінде тұрақтап отыр.

Ашық мұнай өнімдеріне экспортты баж салығы 1 ақпаннан бастап тоннасына 226,2 доллардан 232,2 долларға дейін, ал қара мұнай өнімдеріне тоннасына 121,9 доллардан 161,8 долларға дейін өседі.