Ресейде 10 адам ұшақ апатынан көз жұмды, арасында «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин бар

None
None
ТВЕРЬ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясы Тверь облысы, Куженкино елді мекенінің маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, бортта 3 пилот пен 7 жолаушы болды, барлығы қаза тапты.

«МНТ-Аэро» компаниясына тиесілі ұшақ Шеремьетево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған.

Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен өзге де мүшелері бар.

Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:

- Евгений Пригожин;

- Дмитрий Уткин;

- Сергей Пропустин;

- Евгений Макарян;

- Александр Тотмин;

- Валерий Чекалов;

- Николай Матюсеев;

- Алексей Левшин (әуе кемесінің командирі);

- Рустам Каримов (екінші пилот);

- Кристина Распопова (бортсерік).

«Embraer-135 (EBM-135BJ) ұшағы ұшуын әуе кеңістігін пайдалануға белгіленген тәртіппен берілген рұқсаттың негізінде жүзеге асырды», - делінген Росавиация хабарламасында.

ТАСС-тың ақпаратынша, «Embraer-135 (EBM-135BJ) «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгению Пригожиннің бизнес санаттағы жеке ұшағы болған.


Соңғы жаңалықтар
telegram