14:11, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Ресейде 11 әуежай жұмысын шектеу режимі ұзартылды
МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат–– Росавиация Ресейдің оңтүстігі мен орталық бөлігінің 11 әуежайына ұшуға шектеуді 29 тамызға дейін ұзартты. Бұл туралы Федералды әуе көлігі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Ресейдің оңтүстігі мен орталық бөлігіндегі 11 әуежайға ұшуды шектеу режимі 2022 жылдың 29 тамызына дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.
Анапа, Белгород, Брянск, Воронеж, Геленджик, Краснодар, Курск, Липецк, Дондағы Ростов, Симферополь және Элиста әуежайларында рейстер уақытша шектелген.
Айта кетсек, Ресей биылғы 24 ақпанынан бастап елдің оңтүстігінде және орталық бөлігінде әуе кеңістігінің бір бөлігін азаматтық ұшақтар үшін шектелген еді.
Фото: tass.ru