Ресейде 15 мыңға жуық тұрғын үйді су басты
АСТАНА. KAZINFORM – Ресейде көктемгі су тасқыны салдарынан су басқан тұрғын үйлердің саны 15 мыңға дейін азайды, олардың көбі Орынбор облысында орналасқан, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
«16 сәуір таңертеңгі жағдай бойынша 197 елді мекен мен 65 бау-бақша серіктестігінде 14 960 тұрғын үйді су басқан, оның ішінде 14 409-ы күрделі жағдай қалыптасып отырған Орынбор облысында, 181-і Самара облысында, тағы 305-і Қорған облысында», - деп хабарлады агенттік.
Сонымен қатар, 27 688 шаруашылық телімі, 102 суы төмен көпір және 79 жол учаскесі су астында қалды.
«Бір күннің ішінде 1057 тұрғын үй мен 1659 шаруашылық телімі, 11 суы төмен көпір мен 11 жол учаскесі судан шығарылды», - деп қосты жедел қызмет өкілі.
15 сәуір күні таңертең Ресейдің 33 облысының 193 елді мекенінде көктемгі су тасқыны салдарынан 27 993 шаруашылық учаскесі мен 15 641 тұрғын үй су астында қалды. Сонымен қатар, оның айтуынша, 27 688 шаруашылық телімі, 102 суы төмен көпір және 79 жол учаскесіні су басты.