Ресейде 17 адам есірткіден уланып, ауруханаға түсті

Ресейдің Астрахань қаласында 17 адам есірткіден уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Астрахань облысының Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«17-21 қараша аралығында С.М.Киров атындағы қалалық клиникалық ауруханасына есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардан улану белгілерімен 19 адам түсті. Бүгінгі таңда №3 қалалық клиникалық ауруханасында 17 адам есірткіден улануына байланысты емделіп жатыр. Олардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 11 адамның жағдайы орташа»,-делінген хабарламада.
Ем пациенттердің көпшілігіне көмектесті, ал екі адамның жағдайы қанағаттанарлықтай болған соң, ауруханадан шығарылды. Қажетті медициналық көмек пациенттер реанимобильдермен және көліктермен жеткізілен соң бірден көрсетілді.