Ресейде 21 жасқа дейін үйленуге тыйым салынбақ
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Ресейде ерте үйленуге тиым салынуы мүмкін. РФ Әділет министрлігі отбасылық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы құжатты дайындау үстінде,
деп хабарлады Утро. ру.
Егер де заң мақұлданып, көпшіліктің қолдауына ие болса, онда тек үйленуге рұқсат 21 жастан бастап берілуі мүмкін. Сонымен қатар тым ерте жаста ата-ана болған жасөспірімдердің балаларын тәрбиелеу құқығын үлкендерге беру ұсынылуда. Мұндай ұсыныстар Санкт-Петерборда өткен құқықты қолдану бойынша конференцияда айтылды.
Айта кетейік, заңнамаға ұсынылып отырған бұл өзгертулер мен толықтырулар Әділет министрлігімен емес, ғалым-құқытанушылармен жасалды. Ведомство тек қана келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарастырумен айналысады.
Авторлар өздерінің көзқарастарын отбасылық өмірге дайын болмағанына қарамастан жас қыздар мен бозбалардың тым ерте кездерінде үйленіп, ата-ана міндеттерін орындай алмауымен, көп жағдайларда ажырасуымен байланыстырады. «Адам ата-ана болу үшін, оңы мен солын ажырата алатындай есеюі қажет. Дегенмен бүгінгі күні жастарымыз ерте үйленіп, ата-ана атанады», - деді заңгер Виктория Пашкова.
Заңға екі өзгерту ұсынылды. Оның біріншісіне сәйкес, үйлену үшін біреуі 14-те, екіншісі 16-да болуы керек. Екінші нұсқа айтарлықтай қатаң болмақ. Үйлену жасын 21-ге дейін арттырып, 16 жастағыларға тұрмыс құруға рұқсат бермеу сияқты талаптар қарастырылған. Пашкова бұл заңның қолдау табатынына күмәнмен қарайды, дегемен оның айтуынша, тым ерте жаста құрылатын отбасыларға тұсау салу қажет.
Қазіргі уақытта Ресейде жалпы тәртіп бойынша үйлену үшін 18-ге келу керек. Егерде қандай да бір ескерілетіндей себептер болса, жергілікті өзін-өзі басқару органдары 18 жастан кіші жастарға отбасы құруға рұқсат беруі мүмкін.