Ресейде 24 жастағы бойжеткен кредитін өтеу үшін анасы мен ата-әжесін пышақтап өлтірген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чуваш Республикасының астанасы Чебоксарыда үш адамның өліміне байланысты тергеу басталды. Әзірше 24 жастағы қыз қаржылық және кредит мәселесіне байланысты туындаған қиындықтарға төзе алмай, анасын, атасы мен әжесін өлтіруге бел байлаған, деп жазады planet-today.ru.
Тергеу мәліметі бойынша, өткен жылдың маусым айында 24 жастағы қала тұрғыны марқұмдардың ірі көлемде жинаған қаржысы барын біліп, оған иелік ету үшін қылмысқа барған. Осылайша кредитінің қарызын төлемек болған. Әуелі 76 жастағы әжесін пышақтаған, кейін 54 жастағы анасын, соңында 80 жастағы атасын өлтірген. Олар оқиға орнында көз жұмған соң бойжеткен 125 мың рубль ақшаны иеленген.
Сараптама нәтижесі бойжеткеннің психикалық ауытқушылығы барын, оның өз ісінің қаншалықты қауіпті екенін жете түсінбейтінін көрсетті. Қазіргі таңда ол мәжбүрлі түрде емдеуге жолданды.