Ресейде 32 жастағы әйел балаларын сегізінші қабаттан лақтырып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иркутск қаласының 32 жастағы тұрғыны екі кішкентай баласын сегізінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен лақтырып, одан кейін өзі де секіріп кетті, деп хабарлады «НТВ» арнасы.

Ресейде 32 жастағы әйел балаларын сегізінші қабаттан лақтырып жіберді

Бұл оқиғадан оның 2 және 4 жастағы балалары тірі қалды. Қанқұйлы әрекетке барған әйелдің өзі мерт болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Әйел жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды, оның 2 және 4 жастағы ұлдары Иванов-Матренин балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер балалардың жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді. Фото: Дмитрий Коротаев / «Коммерсантъ»