Ресейде 4 жасар бала әкесінің тапаншасымен өзін атып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Кемерев облысы Междуреченск қаласында 4 жасар бала «Оса» маркалы травматикалық тапаншамен өзін атып, жараланды, деп хабарлады newstes.ru.
None
None

Оқиға 16 қазан күні орын алды, деп хабарлайды Кемеров облысы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасынан. Тапаншамен ойнап отырып, өзіне оқ атқан бала басынан жараланып ауруханаға жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақатын алған және көзі зақымданған деген диагноз қойылды. Ведомствоның хабарлауынша, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды. Қазір дәрігерлер оны көз аурулары бөліміне ауыстырған. Қаруды бала әкесінің сырт киімінің қалтасынан алған. Әкесінде қару сақтау және ұстау бойынша қажетті барлық құжаттар бар екені айтылады.

Соңғы жаңалықтар