Ресейде A(H1N1) тұмауымен ауырған 28 адам тіркелді

МӘСКЕУ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Ресейде A(H1N1) тұмауымен ауырғандардың саны 28 адамға дейін өсті,

Ресейде A(H1N1) тұмауымен ауырған 28 адам тіркелді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsru.com. сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, анықталған жағдайлардың барлығы да сырттан әкелінген ауру болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық бюросының деректері бойынша, шілденің 27-сінде әлемде 160 038 жағдай тіркелген. Жұқтырғандардың 991-і қайтыс болған.