15:23, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Ресейде А/H1N1 тұмауынан қайтыс болу оқиғасы тіркелді
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Ресейде А/H1N1 тұмауынын алғаш рет қайтыс болу оқиғасы тіркелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Геннадий Онищенконың ақпараты бойынша, осы инфекциядан Читада тұратын 29 және 50 жастағы екі әйел қайтыс болған. Бұл жағдайға дейін А/H1N1 тұмауынан қайтыс болғандар Ресейде ресми тіркелмеген болатын.