01:20, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
Ресейде академия жас ғалымдарға құжаттарын дискетамен тапсыруды талап етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің ғылым академиясы грант алуға үміткер жас ғалымдар өтінішті компьютер дискетамен тапсыру керек. Бұл туралы академияның ресми сайтында жарияланған, деп хаюарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Ең қызығы жас ғалымның еңбегі туралы мәліметтер 1993 жылы Microsoft шығарған Word-6 мәтін редакторында сақталуы тиіс.
Дискетте байқауға бағыты туралы ақпарат, жұмыстың қысқаша мазмұны және автор туралы мәліметтер келтіріледі. Академияның ұсынған ережесінде осы талапқа сай жасалмаған жұмыстар қабылданбайтыны ескертілген.
Осы талаптар белгіленген РҒА жас ғалымдарға арналған медальдар туралы қағидасы 2002 жылы 24 желтоқсанда қабылданыпты.
Еске сала кетсек, 3.5" нысанындағы дискет 1987 жылдан бастап шығарылған компьютерлерге арналған. Ол 2000-шы жылдардың ортасынан флеш жадылар пайда болған кезден бастап қолданыстан шығып қалды.