Ресейде Әл-Азһар филиалы ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан қаласындағы Ресей Ислам университетінің (РИУ) негізінде мұсылман әлеміне кеңінен мәшһүр Әл-Азһар оқу ордасының филиалы ашылатын болды, деп хабарлады www.muslim.kz.
«Алдын ала келісімшарттар да жасалып қойылды», - дейді Ресей Ислам университетінің ректоры, Татарстан мүфтиінің білім-ғылым жөніндегі орынбасары Рафик Мухаметшин.
Биылғы жылдан бастап РИУ-дің бірінші курс студенттерін Әл-Азһар оқу жүйесі бойынша оқыту қолға алынған. Бұл қадам, Мухаметшиннің айтуынша, ресейлік ислам оқу ордаларының дәрежесін арттыра түспек.