Ресейде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Ненецкий автономиялық округінде (НАО) Ан-2 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілер алдында қираған, деп хабарлайды ТАСС .

Ресейде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, 11-і ауруханаға түсті, деп мәлімдеді агенттікке өңір басшысы Александр Цыбульский.

«Ұшақтың бортында 13 адам болған, оның 11-і - жолаушылар, екеуі экипаж мүшелері. Екі адам қаза тауып, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Апат ұшақтың әуеге көтерілер алдында болған», - деді ол.