Ресейде апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының жолаушылары аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровск өлкесінде апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының экипажы байланысқа шықты, деп хабарлады «Интерфаксқа» «Ресей орман шаруашылығының» баспасөз хатшысы Владимир Дмитриев.

Ресейде апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының жолаушылары аман қалды

«Қазіргі қолда бар деректерге сәйкес, МИ-8 тікұшағында болған адамдар байланысқа шықты. Тікұшақтың өзі түгелдей өртеніп кеткен», - деді В.Дмитриев.

Бортта болған адамдардың саны туралы ақпарат та нақтыланды. Хабаровск өлкесінің өңірлік диспетчерлік қызметінің бастығы Николай Шкаруподан алған ақпаратқа сілтеме жасай отырып Федералдық орман шаруашылығы агенттігінің баспасөз қызметінде Ми-8 тікұшағында 14 адам болғанын айтты.

Ұшақ жолаушылары 11 өрт сөндіруші парашютші десанттар және үш экипаж мүшелері - «Әуе орман қорғау» қызметкерлері болған. Олардың бәрі аман-есен.

Тікұшақ апаты Верхнебуинский ауданындағы Осенний кентінен 15 шақырым қашықтықта орын алды. «Әуе орман қорғау» қызметінің қызметкерлері орман өртін сөндіру мақсатында ұшып шыққан. Оларды іздеу үшін тікұшақ құлаған ауданға ТЖМ мен өрттен қорғау органының әуе күштері шығарылды.

Ресейдің Қиыр Шығыс көліктегі тергеу басқармасы тікұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша тексеру жүргізуде.

«Зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына тергеушілер мен криминалистерден тұратын жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде, деп жазады Росбалт.