Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігі» табылды - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Іздеу жұмыстары барысында ресейлік құтқарушылар Мәскеу маңында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының «қара жәшігін» тапты. Бұл туралы Мәскеу облыстық ТЖМ  басқармасының басшысы Сергей Полетыкин хабарлады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігі» табылды - БАҚ

«Іздеу жұмыстары жүріп жатқан 18 сектордан қара жәшік табылды. Қазір мамандар ақпараттар сақталған жабдықты анықтап, идентификациялық жұмыстар жүргізуде», - деді ол.

С.Полетыкиннің айтуынша, ұшақ қирандыларының шашырау шекарасын нақтылау және зерттеу  үшін тоғыз арнайы ұшатын аппарат қолданылуда. «Іздеу жұмыстары жүріп жатқан жер 29 секторға бөлінген, оның әрқайсысына бір-бір аға қызметкер тағайындалған. Ұшақ қирандыларын жинайтын арнайы алаң дайындалды. Қазір негізгі күш мәйіттер мен ұшақ қалдықтарын жинап алуға бағытталған», - деді ол.