07:17, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Ресейде «Apple» өнімдері қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Apple» компаниясы ресми түрде Ресей нарығындағы өз өнімдерінің бағасын көтерді. Оның ішінде әлеуметке арналған iPhone телефондарының «бюджеттік модельдері» де бар, деп хабарлады ВВС.

Атап айтқанда, 16гигабайдтық жадысы бар «iPhone 6» телефоны 8 мың рубльға қымбаттап, 39 990 рубльге болса, 64 гигабайттық жадысы бары 10 мыңға өсіп, 46 990 рубльға, ал 128 гигбайттығы 11 мыңға қымбаттап, 52 990 рубльға жеткен.
Айта кету керек, Apple компаниясының Ресей нарығындағы үлесі 10 пайыз.