Ресейде арақтың төменгі бағасы 250 рубльге жетпек

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Енді екі жылдан кейін Ресейде арақтың бір шөлмегінің бағасы 250 рубль болмақ. Бұл туралы Федерация кеңесінде Ресей алколголь сусындарын реттеу комитетінің басшысы Игорь Чуян мәлімдеді, деп хабарлады Интерфакс.

Ресейде арақтың төменгі бағасы 250 рубльге жетпек

Оның айтуынша, биылғы жылдың өзінде жалпы сегменттегі жарты литр арақтың бағасы 150-160 рубль, ал 2013 жылы - 190 рубль болмақ.

Бағаның өсуі акциздердің көтерілуімен байланысты. Чуянның айтуынша, мұндай қымбаттау дұрыс, біріншіден, халық үшін арақты сатып алу көрсеткіші төмендейді, екіншіден бюджет түсімі артады.

Сонымен қатар ол алкоголь нарығына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, 2011 жылы алкоголь сусындарын шығарумен айналысқан 27 жасырын кәсіпорын әшкереленген. Олардан 7 миллион контрафактілік шөлмек тәркіленген.

Дегенмен, «Ренессанс капитал» инвесткомпаниясының 2011 жлғы қарашадағы зерттеулеріне қарағанда, акциздерді кезең-кезеңімен арттыру ресейліктерді фирмалық алкоголь сусындарынан самогонға  көшуіне мәжбүрлеуі мүмкін.