Ресейде «Ата жолы» сектасының ұйымдастырушысы зияратқа бара жатқан адамның өліміне себепкер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Орынбор облысында Қазақстанда тыйым салынған «Ата жолы» діни бірлестігінің ұйымдастырушысы зияратқа бара жатқан адамның өліміне себепкер болды. Бұл туралы РФ Тергеу комитеті хабарлады.
РФ ТК Орынбор облысы бойынша Тергеу органдары «Ата жолы» діни бірлестігін құрушыға РФ ҚК 239-бабының 1-бөлігінде, РФ ҚК 238-бабының 2-бөлігінде (абайсызда кісі өліміне себеп болған тұтынушының өмірі немесе денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету) көзделген қылмысты жасады деген айып тағылды. Бұдан басқа, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, РФ азаматтарына туристік қызмет көрсететін заңды тұлға еместігіне қарамастан секта ұйымдастырушысы абайсызда кісі өліміне әкелген, денсаулығы қауіпсіздігіне жауап бермейтін туристік қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, айыпталушы зиярат сапар ұйымдастыруға жауапты, адамдарға қызмет көрсететін тұлға бола отырып, ер адамның денсаулық жағдайы күрт нашарлаған кезде оның жедел білікті медициналық көмек алуын қамтамасыз етпей, лицензиясы, медициналық саладан хабары жоқтығына қарамастан оған нұсқаулықсыз дәрі ішуге көндірген. Салдарынан дәрі қабылдаған адам көз жұмды.