Ресейде автобөлшек өндірушілері жұмысын тоқтатады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде автомобиль сатылымының төмендеуі Ресейдегі автомобиль бөлшектерін өндірушілер нарығына да кері ықпал етуде. Олардың кейбірі жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлады РБК.
РФ Экономика министрлігінің деректеріне сүйенсек, барлығы төрт өндіруші жұмыстарын тоқтатқан, ал қалған 30-ы Ресейде зауытты іске қосу жоспарларын жүзеге асырмаған. Ведомствода компаниялардың атауы аталмайды, алайда «Коммерсантъ» басылымы әңгіме Татарстанда зауыт салып, оны іске қоспаған француздық Faurecia (негізгі акционері PSA Peugeot-Citroen) жайында екенін растайды.
Оқиғаның басты себебі авто бөлшек өндірушілердің мемлекеттік қолдау тек автоконцерндерге көрсетіліп жатқанына наразылығы деуде. Атап айтқанда, үкімет әлі күнге дейін валюталық тәуекелді өтейтін коэффициент мәселесін пысықтамаған.
Басылым бөлшек өндірушілері құрастыру туралы келісімде қолданылатын компоненттерді (кейіннен экспортталатын) құрастыру кезінде құрылған қосымша құнды оқшаулау формуласын енгізуді сұрайтынын жазады. Экономика министрлігінде оқшаулау есебі кезінде экспорттық өндірісті пайдалану ұсынысы қаралып жатқанын растады, алайда нақты шешім әзірге қабылданбаған.
Ұлттық автокомпоненттер өндірушілері қауымдастығының бас директоры Михаил Блохин формуладағы өзгеріс Ресейде өндірісін оқшаулауды жоспарлаған шетелдік өндірушіге қосымша серпін берер еді деп санайды. Өз кезегінде, EURussia Partners аға әріптесі Иван Бончев бұл тек құрастыру туралы келісім мерзімі аяқталғанға дейін, тек үш жылға ғана деп атап өтті.