Ресейде автобус пен пойыз соқтығысып, 8 адам адам мерт болды

Ресейдегі жол апаты
Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Ярославль облысының Берендеево ауылында рейс бойынша жүретін автобус пен экспресс пойыз соқтығысты, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

«Оқиға Берендеево ауылында болды. Рейстік автобус пен экспресс пойыз соқтығысты», - деді агенттік сұхбатшысы.

Оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапты, деді Переславль-Залесский басшысы Дмитрий Зяблицкий. Бұған дейін жедел қызметтер бес адам қаза тауып, екі адам жарақат алғаны туралы хабарлаған.

Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар