Ресейде автобустағы жарылыстан 14 жолаушы зардап шекті

None
None
ВОРОНЕЖ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің Воронеж қаласында жолаушылар автобусында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Облыстық №1 ауруханаға және жедел жәрдем ауруханасына 14 адам жеткізілді. Оның төртеуі ауыр халде келді. Екеуі күйік шалғандар бөлімшесіне жатқызылды, екеуі басқа жарақатпен орналасты. Жарылыс болған жерде жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр», - деді апаттар медицинасы орталығының өкілі.

Бұған дейін аяғынан айырылған бір әйелдің жағдайы аса ауыр екені хабарланған.

Оқиға орнына жеті жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Жарылыс қаланың орталығында болған. Жолаушы ПАЗ автобусын толық өрт шарпыған, кейін өрт сөндірілді.

ТАСС-тың хабарлауынша, оқыс оқиғаның бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Оның бірі «газ баллоны жарылды» деген болжам. Сол жерді арнайы қызмет өкілдері тексеріп жатыр.

Қалалық көлік басқармасы басшысының орынбасары автобус дизельмен жүретінін, газ қондырғысы болмағанын мәлім етті. Бастапқы болжамда қоғамдық көліктің «газ қондырғысы жарылды» деп айтылған болатын.


Соңғы жаңалықтар