Ресейде автокөлік сатып алуға отбасылық сертификат берілуі мүмкін
Ресейдің либерал-демократиялық партиясының бір топ депутаты еңбек, әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі бойынша думалық комитет төрағасы Ярослав Ниловтың басшылығымен баласы бар жас отбасыға Ресей шығаратын автокөлікті сатып алуға сертификат тағайындау тәртібін реттейтін заң жобасын палатаның қарауына тапсырды. Kazinform бұл туралы Тass.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттар «Автокөлік сатып алуға арналған отбасылық сертификат» заң жобасын жасап шықты. Онда жас отбасыға бала дүниеге келгеннен кейін белгілі бір сомаға отандық өндірістегі автокөлік сатып алуға мүмкіндік беретін сертификат тағайындау ережелерін бекіту ұсынылған. Мұндай сертификатты отбасының ортақ табысы алдыңғы жылы 3 млн рубльден аспаған адамдар алуға болатыны айтылған.
Сондай-ақ заң жобасында отбасылық сертификаттың номиналдық құны 1 млн рубль көлемінде болатыны жазылған.
Авторлардың пікірінше, заң жобасын қабылдау елдің демографиялық жағдайы мен туу көрсеткішін арттырып, отандық автокөлік жасау саласын дамытады.