Ресейде Аяз атаның пойызы 65 қаланы аралайды
АСТАНА. KAZINFORM — Аяз атаның пойызы 2026 жылғы 8 қарашада Ұлы Устюг қаласынан Ресей бойынша жаңа жылдық сапарға аттанады, деп хабарлайды РИА Новости.
Мерекелік пойыз 63 күн ішінде Ресейдің 36 өңіріндегі 65 қаланы аралайды. Ал Жаңа жыл түнін Ярославль қаласында қарсы алады.
Мәскеуде пойыз Киев вокзалында 2 және 3 қаңтар күндері екі күн аялдайды. Ал Санкт-Петербургте 6 және 7 қаңтарда Новый Петергоф вокзалында болады. Сапар 2027 жылғы 9 қаңтарда аяқталады.
Пойыз Аяз атаның отаны саналатын Ұлы Устюг қаласынан жолға шығады. Ол тақырыптық безендірілген вагондардан тұратын жылжымалы мерекелік резиденция ретінде жасақталған.
Пойызда ертегілер ауылы, қуыршақ театры, кәдесый дүкені, Ақшақар ханшайымның вагоны, буфет пен шай ішуге арналған мейрамхана-вагон бар. Сондай-ақ Аяз атаның көмекшілеріне арналған жатын вагондар қарастырылған.
Кейбір ойын-сауық бағдарламалары пойыз аялдаған кезде барлық келушіге қолжетімді болады. Ал өзге бағдарламаларға қатысу үшін билетті алдын ала сатып алу қажет.
Аяз атаның пойызы Ресей бойынша алғашқы сапарын 2021 жылғы 5 желтоқсанда бастаған.
Айта кетейік, Жаңа жылда Аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақыру қызметі кейбір өңірде қалтаны қағатыны туралы жазған болатынбыз.