Ресейде Айфон тәріздес құлпытас шығарылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібірдегі «Белый тополь» көрмесінде жерлеу қызметтерін ұсынатын фирмалардың бірі iPhone 4/4s пішіндес құлпытасты жұрт назарына ұсынды деп жазады ресейлік БАҚ.

 Ресейде Айфон тәріздес құлпытас шығарылуда

Бір құлпытастың құны нағыз айфонның бағасымен шамалас. Оны жасаушылардың сөзіне қарағанда, мұндай құлпытас Красноярсктегі тапсырыс берушіге жөнелтілді.

«Құлпытас кез-келген пішінде (смартфон) болуы мүмкін. Осындай бастаманы әлеуметтік желіден көрдік. Біреу бізге осындай фотоколлаж жасап берді, клиенттеріміздің біріне ол ұнады, сөйтіп біз айфон пішінді құлпытас» - деді жерлеу қызметтерін ұсынатын фирма директоры Павел Калюк.

3 2
ФОТО: kp.ru