Ресейде бала туу көрсеткіші өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде 2016 жылғы наурызда бала туу көрсеткіші 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 3,8% өсті. Бұл туралы РИА-Новости Ресей еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
2016 жылғы наурызда дүниеге келген балалар саны 167,1 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы наурыздағыдан 6,2 мыңға (3,8%) көп.
Осы жылғы қаңтар-наурыз айларында Ненец автономиялық округінде, Мордовияда, Ярославль облысында, Санкт-Петербург пен Севастопольде бала туу 7 пайыздан астам өсті.