Ресейде банк қызметкері 3 әріптесіне оқ атып, соңынан өзіне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Благовещенск қаласында Орталық Банк басқармасы бастығының орынбасары белгісіз себептермен банктің үш қызметкерін - екі әйел мен бір ер адамды атып өлтірді.

Ресейде банк қызметкері 3 әріптесіне оқ атып, соңынан өзіне қол салды

24.kz келтірген деректерге сүйенсек, ол кейін өз-өзіне қол жұмсаған.  Әйелдердің бірі банк басқармасы бастығының орынбасары, екіншісі, бөлім бастығы болып жұмыс істесе, ер адам банктегі басқарма бастығы қызметін атқарған.

Қазір оқиғаға қатыста тергеу ісі басталды.