Ресейде «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» магистралін салу 2017 жылы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей аумағында «Қытай - Батыс Еуропа» автомобильдік магистралін салу келесі жылдың басында басталуы мүмкін. Бұл туралы Брянск облысында жол салуға арналған мәжілісте Федералдық жол агенттігінің басшысы Роман Старовойт мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.
None
None

Росавтожол басшысының айтуынша, «Меридиан» атауын алған жол жобасы соңғы бірнеше жылда пысықталды. Қазір әзір болып қалды. Енді нақты жұмыстар жайлы әңгіме басталды. «Әріптестер бүгін бізге олар жер учаскелерін ресімдеу, жобаалды, инженерлік жұмыстар бөлігін жасағанын айтты», - деді ол.

Мәжілісте жол құрылысына берілетін жерді ресімдеу, рұқсаттар мен келісімдер алу мәселелері талқыланды.  Бұл мысалы, Брянск облысында бұрын мүлдем автомобиль қатынасы болмаған жаңа маршрут бойынша жол төселетінімен байланысты. Компания  өкілі  инвестор тас жол өңіріне Орел облысынан келіп, құрылыс Р-120 "Орел-Брянск-Смоленск" күре жолымен  қатар жүргізілетінін айтты.

Қытайдан Батыс Еуропаға жол Қытайдан басталып, Қазақстан,  РФ бірқатар өңірлері арқылы өтеді де, Смоленск облысы аумағына Беларуске кіреді. Төрт жолақты жол ақылы болмақ. ЕАЭО-ға кірмейтін елдер тасымалдаушыларына жолақысы  70 еуроцентті құрайды.

"Русская холдинговая компания" бас директорының орынбасары Дмитрий Сапожников атап өткендей, магистраль бойынша Батыс Еуропаға орталық Қытайдан жүк жеткізу 11 күнді алады, ал теңіз арқылы бұл жол 80 күнді құрайды. Ол бұл жол арқылы жүк жеткізу барынша арзанға түсетінін айтты.

Оның айтуынша магистраль 2020 жылы салынып бітеді. Брянск облысы аумағындағы құрылыс құны 7 млрд рубльге жуық қаржыны құрайды.

Соңғы жаңалықтар