Ресейде бес жыл іздеуде болған алаяқ әйел Петропавлдан табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Іздестіру» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген бес қылмыскерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 55 жастағы әйелге іздеу жариялаған. Ивановск облысының полиция қызметкерлері оны 2016 жылдан бері таба алмай келген. Петропавлдың жедел уәкілдері әйелдің облыс орталығында жүрген жерін анықтады.

Ал Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары 38 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың арасынан тапты. Ер адамды Ресейдің Волжск қаласындағы туыстары іздестірген. Айтуларынша, қыркүйек айының басында ол Ресейге туыстарына қонаққа келуі керек болған, алайда барар жеріне жетпеген. Мазасызданған туғандары полицияға арызданған. Солтүстікқазақстандық полицейлер іздеуде жүрген ер адамды тауып, шетелдегі туыстарына телефон арқылы хабарласуға мүмкіндік берді. Жақын күндері ол үйіне қайтуға уәде етті.

Полицейлер «Іздестіру» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеді. Екі күннің ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер бес қылмыскерді іздеп тапты.

«Өткізіліп жатқан акция барысында іздеудегі қылмыскерлерді анықтау бойынша жұмыс жандандырылды. ТМД елдеріндегі әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Мұндай ынтымақтастықтың жедел іс-шараларды өткізуде тиімділігі зор», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.


Соңғы жаңалықтар