Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды
Штаб мәліметінше, 14-20 қыркүйек аралығында 40 588 адам инфекцияға шалдыққан. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 37 306 болатын. 20-26 шілде аралығында вирус жұқтыру оқиғалары ең жоғары көрсеткішке жетіп, 40 939 адамды құрады.
Инфекцияға шалдыққандардың өсімі жылдамдады. Апта қорытындысы бойынша 3,6%-дан 3,8%-ға дейін және тәулігіне орташа есеппен 0,51%-дан 0,54%-ға дейін өсті.
Жазылып шыққандар саны қысқарып, 33 132-ні құраса, оның алдындағы 7 күнде 35 276 науқас ауруханадан шығарылған еді.
Штаб коронавирустан 840 адамның көз жұмғанын хабарлады, бір апта бұрынғы көрсеткіш – 758. 27 шілде мен 2 тамыз аралығында 859 өлім жағдайы тіркелген.
Жаңа инфекциядан болған өлімнің шартты көрсеткіші өзгерген жоқ. Штаб мәліметі бойынша 1,75%-дан 1,76%-ға ғана артқан.