Ресейде бір аптада коронавирустан қайтқандардың саны артты

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің коронавирусқа қарсы күрес жедел штабы бір аптада жаңа инфекциядан көз жұмғандар саны 1560 болғанын хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде бір аптада коронавирустан қайтқандардың саны артты

Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Өткен аптада коронавирустан 1239 адам қайтыс болған еді.

Оған қоса жаңа инфекциядан болған өлім саны жеті күн ішінде төмендеген.

Өткен жексенбіде ол 1,74% болса, бұл демалыста 1,73%-ды құрады.

Мәскеуде тіркелген өлім саны артқанына қарамастан көрсеткіш 1,69%-дан 1,64%-ға азайды.

Жедел штаб мәліметі толық емес және билік өкілдері ұсынған алдыңғы айлардағы жаңа инфекциядан болған өлім статистикасын есепке алмайды.