Ресейде бір айдан кейін «доңыз тұмауына» қарсы вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі басталады

САНКТ-ПЕТЕРБОР.   Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -   Ресейлік фармакологиялық   зауыттар   бір  айдан кейін  «доңыз тұмауына»  қарсы  вакцинаның  өнеркәсіптік  өндірісіне  кіріседі.
None
None

Бұл  туралы    бүгін баспасөз мәслихатында     Ресей  Медициналық ғылымдар академиясы Солтүстік-Батыс бөлімінің Тұмау   ғылыми-зерттеу  институтының  бастығы     Олег  Киселев       хабарлады.

 Оның айтуынша,   ресейлік  зауыттар  вакцинаны  өндіруге дайын отыр,  бірақ  кешеге  дейін  ресейлік мамандар     мөлшерлеудің  еуропалық  стандарттарын    білмей келді. Ал  мөлшерлеудің    еуропалық стандарты  ресейлік  вакцина   әлемнің басқа елдерінде   ұғынықты  болуы  және  «оқылуы  үшін»   қажет,  деді  О.Киселев.

 Ол  сондай-ақ,   алғашқы кезде     зауыттардың  зерттеулер жүргізу  үшін  500-ге жуық  вакцина   өндіру  керек   екенін  атап көрсетті.  Содан кейін  ғана зауыттар халық үшін  вакцина  өндірісіне кіріседі.

 Санкт-Петерборда  «доңыз тұмауына»  қарсы вакцинаның    клиникалық сынақтары    қыркүйектің 11-інен  кейін басталады.    Ол сынақтарға      60-тан астам ерікті  жазылып отыр.

Соңғы жаңалықтар