Ресейде бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 9,6 мыңға көбейді

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 9 623 адамға көбейіп, жалпы саны 124 054 адамға жетті. Осылайша Ресей әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жетінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Коронавирус инфекциясымен күрес жедел штабы сенбі күні журналистерге инфекциядан 15 013 адам сауығып, 1 222 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Жаңа жұқтыру жұма күнгі көрсеткіштен 21,3%-ға артық. Тәулік бойы өсу қарқыны 8,4% болды.

Жаңа жұқтырғандардың 4 488-інде (46,6%) аурудың ешқандай белгісі болмаған.

Сонымен қатар Мәскеуде 5 358 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркеліп, жалпы инфекция жұқтырғандар саны 62 658-ге жетті.

Сонымен қатар, 82 аймақта инфекцияны жұқтыру фактілері тіркелді. Оның ішінде Мәскеу облысында - 807, Санкт-Петерборда - 323, Нижегород облысында - 320, Мурманскіде 143 және Дағыстанда 109 жағдай анықталды.

Бір тәулікте 69 аймақта 1 793 адам емделіп шықты. Оның 608-і Мәскеуде, 98-і Санкт-Петерборда, 66-ы Перм аймағында, 56-сы Дағыстан, 45-і Мәскеу облысында және 45-і Шешен Республикасында.

Соңғы тәулікте 57 адам коронавирустан көз жұмды. Ресей Федерациясының 13 аймағында жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты.


Соңғы жаңалықтар