Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат - Ресей Федерациясында тәулігіне 19 мыңға жуық инфекция жұқтыру дерегі анықталды.Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Тіркелген фактілер саны 18 780 адамды құрады және 796 адам қайтыс болды деп хабарлады COVID-19 таралуына қарсы жедел штаб. Жалпы, пандемия кезінде Ресейде коронавирус инфекциясының 6 933 954 дерегі тіркелді, 186 407 адам қайтыс болды.

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны Мәскеуде, Мәскеу облысында және Санкт-Петербургте орын алды.