Ресейде бір тәулікте 27 мың адам коронавирус жұқтырды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте 27 039 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде бір тәулікте 27 мың адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте Ресейде 27 039 адамнан коронавирус анықталып, елде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты.

Ал вирустан көз жұмғандар саны 57 555 адамға жетті.