Ресейде бір тәулікте 41 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 40 993-ке жетті, жалпы саны – 8 513 790. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген жаңа максимум, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде бір тәулікте 41 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Бұл жайында аурумен күрес жөніндегі жедел штабтың жексенбі күнгі мәліметінде көрсетілген.

Салыстырмалы түрде ауру жұқтырушылар санының өсімі 0,48%-ды құрады.

Штаб хабарламасы бойынша, қазіргі уақытта ем қабылдап жатқан пациенттер саны - 916 713 адам.

Бір тәулікте 27 115 ресейлік сауығып шыққан.

Емделіп шыққандардың жалпы саны 7 358 539 адамға жетті.

Штаб мәліметтеріне сәйкес, сауығып шыққан пациенттер үлесі ауру жұқтырғандардың жалпы санынан 86,4%-ға дейін төмендеген.

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 1 158 адам көз жұмған.

Бір күн бұрын олардың саны 1 160 болған.

Қайтыс болғандардың жалпы саны 238 538 адамға жетті.