Ресейде бір тәулікте 6 мыңдай адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде бір тәулікте коронавирусты жұқтырған 5 966 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ресейде бір тәулікте 6 мыңдай адамнан коронавирус анықталды

Бұл елде барлығы 74 588 адам коронавирусты жұқтырған. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі +8,7%-ды құрады.

Бұдан өзге, COVID-19-дан бір тәулікте 66 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 681-ге жетті.

Ауруынан айығып шыққандар саны — 6 250 адам.