Ресейде бір тәулікте коронавирустан 890 адам қайтыс болған

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте коронавирустан болған өлім жағдайларының саны 890-ға жеткен, бір күн бұрын 886 адам көз жұмған.

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 890 адам қайтыс болған

Бұл – пандемия басталғалы орнаған жаңа рекорд. Бұл туралы жексенбі күні жаңа инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы 209 918 адам қайтыс болған. Шартты өлім жағдайы 2,77% деңгейіне дейін өсті, деп хабарлады штаб.

Коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны бір тәулікте 25 769-ға артып, жалпы саны 7 586 536 адамға жеткен.

Қазіргі уақытта Ресейде 650 653 адам ауырып жатыр.

Коронавирустан жазылып шыққандар саны бір күнде 15 391-ге артып, жалпы саны 6 725 965 адамға жетті.

Штабтың мәліметтері бойынша, ауруханадан шығарылған пациенттердің үлесі ауруға шалдыққандардың жалпы санынан 88,7% - ға дейін төмендеген.