Ресейде бір түннің ішінде 15 мың гектар орман өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей аумағында табиғи өрт оқиғалары салдарынан 15 мыңнан астам гектар орманды жер жойылды, деп хабарлады ТАСС Ресей орман шаруашылығы ведомствосына қарасты «Авиалесоохрана» қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Бір тәуліктің ішінде 24 475 га жер отқа оранды, соның ішінде 15 347 га - орманды алқап», - делінген хабарламада.

Орман шаруашылығының аймақтық диспетчерлік қызметтерінің ақпаратынша, өткен тәулікте жалпы аумағы 13,3 мың гектар жерді жалмаған 131 орман өртін сөндіру мүмкін болды. Жалынмен күреске шамамен 5,5 мың адам қатысты.

Ең ірі өрт ошақтары Амур облысы, Забайкалье және Бурятияда.

Соңғы жаңалықтар