07:15, 27 Шілде 2024 | GMT +5
Ресейде бөгет бұзылып, 160-тан астам адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Челябі облысында бөгет бұзылғаннан кейін құтқарушылар елді мекендерден 163 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ТАСС агенттігіне Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Карабаш қалалық округінде 163 адамды эвакуациялады, оның 21-і бала», - деп хабарлады ведомство.
Киалим, Мухаметово, Байдашево және Карасево ауылдары көшірілді. Тұрғындар Карабашқа орналастырылған. Бөгет бұзылғаннан кейін толқын Мұхаметовоға жетіп, өзендегі су деңгейі 7 см-ге көтерілді.
Kazinform агенттігіне серіктес ТАСС агенттігі арнайы ұсынған.