Ресейде бойжеткен шатырдан құлаған мұздан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицияның мәліметі бойынша, РФ Новосібір қаласы Октябрь ауданында 14 қабатты тұрғын үй шатырындағы мұз бойжеткеннің басына түсіп, мерт қылған, деп хабарлады сенбіде ІІМ Новосібір облысы ММ баспасөз қызметінен.

Ресейде бойжеткен шатырдан құлаған мұздан қаза тапты

Сенбіде жергілікті уақыт сағат 10:50-де полицияға Федосеева көшесі бойынша орналасқан үй маңында 20 жастағы қыздың өлі денесі табылғандығы жайлы хабарлама келіп түскен.

«20 жастағы қыздың басына мұз 14-қабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған», делінген хабарламада.