Ресейде БТР-мен қала кезген екі мас сарбаз ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Чита қаласында полиция қызметкерлері бронетранспортермен қала кезген екі мас әскери қызметішіні ұстады, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.

Ресейде БТР-мен қала кезген екі мас сарбаз ұсталды

«Қала ішінде БТР-мен «қыдырып» жүргендер туралы хабарлама кешке түсті. Куәгерлердің айтуынша, БТР қарсы жолға шығып, көлік апатын туғыза жаздаған. Оқиға орнына тексеру үшін жол полициясының экипажы жіберілді», - деп хабарлайды РФ ІІМ Забайкалье өлкесі бойынша басқармасы баспасөз қызметінің бастығы Л. Ивановна. Полицейлер БТР-ді тұрғын үй ауласынан тапқан. Әскери көліктің ішіндегі сарбаздар мас болғаны соншалық, сыртқа шығудан бас тартады. Алайда, полицейлер БТР-дің терезесін сындырып, әскери формадағы мас екі ер адамды алып шықты.