12:40, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Ресейде Coca-Cola Light сатылымы тоқтатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Coca-Cola Company Ресейде төмен калориялы Coca-Cola Light сусынын сатуды тоқтатады. Оның орнын Coca-Cola Zero сусыны алмастырады

Бұл туралы РБК хабарлады.
Coca-Cola Light Ресейде шығарылмайтын болды, деп жазады «Коммерсантъ». Оның орнына шығарылатын бренд Coca-Cola Zero сусыны да төмен калориялы болмақ.
Жалпыресейлік сатылымда Coca-Cola Light-тің үлесі небары 2%. Жаңа Coca-Cola Zero сусынның сатылымы, компанияның жоспары бойынша, 2018 жылы жалпы сатылымның 10%-ын құрамақ. Компания Ресейде Coca-Cola Zero брендін шығаруға қанша сома жұмсалатынын айтпады.