Ресейде доллар 78 рубльге дейін шарықтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу биржасында сауда-саттықтың ашылуында америкалық валюта бағамы 1 долларға 78 рубльге артты.

Ресейде доллар 78 рубльге дейін шарықтап кетті

Мәскеу биржасында валюта сауда-саттығы 2016 жылғы 18 қаңтарда рубль бағамының төмендеуімен басталды. Сауда-саттық басталғаннан бірден 78,936 рубльге жетіп, жыл ішінде алғаш рет 78 рубльге шарықтады, бұл өткен сауда-саттықтың жабылу деңгейінен 1,333 рубльге жоғары.

Бұдан бұрын 78 рубльден жоғарыға 2014 жылы 16 желтоқсанда көтерілген.

Мәскеу биржасында еуро бағамы бүгінде 86,864 рубль белгісіне жетіп, өсу үстінде, бұл өткен сауда-саттықтың жабылу деңгейінен 1,184 рубльге жоғары.