Ресейде доллар бағамы қайта көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 7 наурыздан бастап Ресей Банкі белгілеген рубльге доллардың ресми бағамы 4,02 тиынға өсіп, долларға 36,1251 рубльді құрады.
Бұл туралы РБК хабарлады.
ММВБ ресейлік валюта нарығында сауда сессиясы долларға, еуроға және бивалюталық себетке (0,55 доллар және 0,45 еуро) шаққандағы рубль бағамының төмендеу белгісімен өтуде.