Ресейде «доңыз тұмауынан» алғашқы кісі өлімі тіркелді
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Ивановский атындағы Вирусолония институтының директоры Дмитрий Львов, Ресейде «доңыз тұмауынан» алғашқы кісі өлімі тіркелгенін мәлім етті.
Оның айтуынша, жақында Болгариядан келген әйел, медицина қызметкері өзі жұмыс істейтін медициналық мекемеге түсті. Екі апта бойына жағдайы ушыға берген соң, ол мәскеулік ауруханалардың біріне ауыстырылған.
«Қайтыс боларынан бір күн бұрын, әйелден талдауға материал алынып, біздің топқа берілді. Дереу «доңыз тұмауы» диагнозын қойдық. Қандай да бір шаралар қабылдап үлгерген жоқпыз, себебі ол келесі күні көз жұмды», деді академик Львов жексенбі күні кешке «Россия» телеарнасының бағдарламасында.
Дмитрий Львов сондай-ақ сырқат әйелдің алғашқы жатқан медициналық мекемеде бірнеше адамға ауруын жұқтырғанын, ауыстырылған мәскеулік ауруханада да сондай жағдайдың орын алу ықтималдығын атап көрсетті.