Ресейде доңыз тұмауының 472 оқиғасы тіркелді
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері Виктор Зубковтың бүгін, қыркүйектің 29-ында хабарлауынша, елде А (H1N1) тұмауымен ауырғандардың 472 оқиғасы тіркелген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, таяу күндері үкімет осы вирусқа қарсы қолданылатын вакциналарды өндіруге арнап 4 млрд. рубль бөлуді көздеп отыр.